Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылордадағы соқырлар шенеуніктердің уәдесін орындайтын күнді тағатсыздана күтіп жүр

AstanaTV
15.09.2020ж. 20:00
3619
Қызылордадағы соқырлар шенеуніктердің уәдесін орындайтын күнді тағатсыздана күтіп жүр

Қызылордада, зағип жандар жергілікті шенеуніктердің уәдесін орындайтын күнді тағатсыздана күтіп жүр. 60 жыл бұрын салынған ғимараттың бүгінде тозығы жеткен. Зағиптар атқамінерлер нысанды күрделі жөндеп береміз дегелі үш жыл болғанын айтады. Содан бері ештеме өзгермегеніне ашулы.   

Аймақта көз жанары кемтар 1200-ге жуық адам бар. Оның шамамен тең жартысы қала аумағында тұрады. Олар түрлі үйірмелерге белсенді қатысып жүр. Байқауларда бақ сынап, топ жарып жүргендері де аз емес. Қоғамның мүшесі екенін сезіну үшін бұл аса қажет екенін жақсы түсінеді. Бірақ өздері отыратын ғимаратта ешқандай жағдай жасалмай келе жатқанына қынжылады.

Асқар ҚОЛДАБЕКОВ, "ҚАЗАҚ СОҚЫРЛАР ҚОҒАМЫ" ҚБ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
 
Шаршап тұр қабырғалары үгітіліп. Сырты да іші де. Төбедегі шифрымыз да ескі, су кетіп. Сондай жағдайдамыз. 17-ші жылы Годунова ханым бар кезде осы жерде бізге филиалға смета жасап, документті қабылдап алған. Бірақ сол соңы аяқсыз қалды.

Сол кездегі атқамінерлер уәдені үйіп-төккенімен, "баяғы жартас сол жартастың" күйін кешіп келеді. Арада бірнеше рет ауыс-түйіс болып мәселе басталмай жатып тоқтап қалған. Тозығы жеткен ғимараттың салынғанына 60 жылдан асыпты. Мұндағы қажетті құрылғылардың өзі көнерген деп отыр.       

Дулат АСЫЛХАН:

Музыкальный инструмент жақтарынан, мысалы баян, домбыра деген. Сондай аспаптардан көмек қылса. Бәрі заттардың ескі. Үміт өшпейді ғой, үміт бар ғой. Бәрімізде мысалы, кешке дейін үйде отырғаннын жұмыс істеп, осындай бірдеме істеген жақсы ғой өмірде. Құштарлық пайда болады. Әйтпесе өте жаман.  

Атқамінерлер зағип жандардың жағдайына жақсы біледі. Бірақ ғимаратты жөндеуге, құрылғылармен толықтыруға бюджеттен бір тиында көмек болмайтынын кесіп айтты. Мәселені шешуге демеуші тарту арқылы қолғабыс етпек.   

Индира АҚЖІГІТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР АХАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:  

Бұл республикалық теңгерімдегі мекеме. Қоғамдық бірлестік. Ал бюджеттің өзінің тәртібі бар, өзінің теңгерімінде болған жағдайды коммуналдық меншікте болған жағдайда ғана бюджет шығындарын қарастыру көзделген. Ал бұл жағдайды бей-жай қалдыруға болмайды деген мақсатта демеушілер тарапынан да қолдауды іздестіріп жатырмыз.
 
Материал эфирге әзірленіп жатқанда, әкімдік өкілдері зағиптардың ғимаратын жөндеуге демеуші тапқандарын хабарлады. Жомарт жан қазанда нысанның бір бөлігін оңдап бермек. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң шенеуніктер көзі нашар көретін жандарға арналған компьютерлік орталық ашуды да жоспарлап қойғандарын айтты.  
 
М. Тоқтасынқызы