Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Есін жиған А.Навальный Мәскеуге қайта оралып Кремльге қарсы күресін жалғастырмақ

AstanaTV
15.09.2020ж. 20:00
2086
Есін жиған А.Навальный Мәскеуге қайта оралып Кремльге қарсы күресін жалғастырмақ

Ресей оппозициясының серкесі Алексей Навальный есін жиды. Германиядағы Шаритэ дәрігерлері осындай ақпарат таратып отыр. "Новичок" уынан аман қалған оппозицонер, қастандыққа қарамастан отанынан қайтып, Кремльге қарсы күресін жалғастыратынын айтқан. Әзірге Навальный дәрігерлер қарауында. Еске сала кетейін, Ресей оппозиционері тамыздың 20- күні Томскі ден Мәскеуге ұшып бара жатқанда уланған.

Алексей Навальный әуеде қатты қиналып, ұшақ еркісіз Омбыға қонған. Осы күннен бастап Ресей билігінің "түсініксіз" қадамдары басталды. Туған-туысы, серіктестері одан қалды Еуропа елдерінің басшылары араласып жүріп, комада жатқан Навальный ақыр аяғы Германияға ауыстырылды. Кейіннен Charite дәрігерлері оппозиционердің денесінен "Новичок" уының өзгертілген түрі табылғанын айтты. Артынан, Германия зертханасының нәтижесін Франция мен Швеция мамандары да растады. Мұны, "Дәлелдерің жоқ", деген желеумен ресми Кремль ғана мойындамай отыр.

Сергей ЛАВРОВ, РФ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Навальный болмағанның өзінде Батыс басқа сылтау тауып бізге қарсы санкция салатын еді. Ал, Навальныйға келгенде батыстық әріптестеріміз әдептіліктен асып түсті. Былайша айтқанда олар, біздің мойындағанымызды қалайды.

Араға жарты ай уақыт салып Навальный жасанды комадан шығарылды. Есін жия салып ол, Германия прокурорлармен сөйлескен. Жақындарымен бірге суретке де түсіпті. The New York Times басылымының хабарлауынша, оппозиционер төніп тұрған қауіпке қарамастан Мәскеуге оралатынын айтқан.

THE NEW YORK TIMES ГАЗЕТІ:

Навальный Германия аумағында жер айдауда қалуын қаламайды. Ол, Ресейге қайтып, өзінің жұмысын жалғастырмақ ниетте.

Ресейдің оппозиция серкесі есін толық жинапты. Ол, қайда жатқанын және қай жерде қандай сусын ішкенін жақсы біледі. Яғни, Навальныйдың айтары бар. Сасяткердің улануы әлемде түрлі пікір тудырды. Дені, Кремль саясатын сынады. Бірқатар Батыс елдері және АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды көбейтпек. Соның бірі "Солтүстік ағын" жоспарын тежеуі мүмкін. Ал, ол жобаның тоқтап қалуы Мәскеу амбициясына қатты әсер ететіні анық.

Д. Мұхаммедкәрім