Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Асхат Аймағамбетов қарамағындағы басшыларды сынады

AstanaTV
15.09.2020ж. 20:00
2659
Асхат Аймағамбетов қарамағындағы басшыларды сынады

Мемлекеттің мүмкіндігін пайдаланбау көп сұрақ туғызады. Асхат Аймағанбетов бүгін өзінің қол астындағы шенділерді сынады. Министір, нысаналы трансферттерді тиімді пайдаланбаған білім басқармаларына шүйлігіп отыр. Игі мақсатқа республикалық қазынадан 28 миллиард теңге бөлінген. Алайда оны алты аймақ жөнді игере алмаған. Кейбірі игермек түгіл бір тиынын ұстамапты. Ақшаға қарай алмаған аймақтардың арасында Жамбыл мен Батыс Қазақстан облысының білім басқармалар бар.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

28 миллиард бұл өте үлкен қаражат. Бұл нақты мұғалімдердің жалақысына, жабдықтауға, жан басына қаржыландыру  тетігін  іске асыру үшін республикадан қосымша беріліп отырған қаражат. Бірақ сол қаражатты тиімді игеру мәселесі өте маңызды.

З. Санай