Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сәтпаев маңындағы елдімекен тұрғындары көше алмай жүр

AstanaTV
15.09.2020ж. 20:00
2490
Сәтпаев маңындағы елдімекен тұрғындары көше алмай жүр

Сәтпаевта тағы да баспана дауы. Қала маңындағы Весовая елдімекенінен 50-ге тарта отбасы көше алмай жүр. Редакциямызға хабарласқан тұрғындар, шахтаның үстінде күнелтіп жүргендерін айтады. Жергілікті билік осыдан 3 жыл бұрын ауыл халқын жаппай Сәтбаевқа көшіруге қаулы шығарған. Алайда, тұрғындар әкімдік ұсынған үйлер сапасыз болғандықтан, көшуден бас тартқандарын айтты. Өз үйімізде қалу қауіпті деп отыр. Сондықтан сапалы пәтер беруді талап етеді.

Ғайни ҚОЖАҒҰЛОВА, ВЕСОВАЯ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

50 шақты үй әлі көше алмай жатырмыз. Кілтті бермейді не себепті бермей жатқанын білмеймін. Әкімге прием болған сайын барамыз. Қолдарын сілтеп шығарып салады. Біздің шыдамымыз таусылды.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУІШІ:

Тұрғындардың мәселесімен, Сәтпаев қаласының шенділерімен хабарластық. Бізбен байланыста қала басшысының орынбасары Дәуір Жүнісбеков бар екен. Дәуір мырза, қайырлы кеш! Тұрғындар неліктен әлі күнге көшірілмеген? Оларды қауіпті аймақтан қашан көшіресіздер?

Дәуір ЖҮНІСБЕКОВ, СӘТПАЕВ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл көшіру жұмыстары Қазақстан үкіметінің қаулысының негізінде басталған болатын. Кезең-кезеңімен көшіру жұмыстары  жүріп жатыр. Ең соңғы көшіру жұмыстары осы жылдың аяғына дейін аяқталады.


Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУІШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Бұл түйіткілдің түйінін шешуге қолғабыс етесіз деп сенейік. Весовая ауылы тұрғындарының мәселе шешілгенше, біз жағдайды өз бақылауымызда ұстаймыз. Қымбатты көрермен, "Телерепортер" айдары қайта іске қосылды. Егер сіздің де өзекті мәселеңіз болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз!  Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ғ.Өтемісов