$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Атлетикалық ауылдағы тұрғын үйлер кезекте тұрған азаматтарға үлестірілді

AstanaTV
22.09.2017ж. 20:00
2382
Атлетикалық ауылдағы тұрғын үйлер кезекте тұрған азаматтарға үлестірілді

Алматыда Қысқы Универсиада кезінде спортшыларға пана болған Атлетикалық ауылдағы тұрғын үйлер баспана кезегінде тұрғандарға үлестірілді. Олар ақшасын бөліп төлеу арқылы жалға алу әдісімен иеленді. Тұрғын үй басқармасының өкілі берген ақпаратқа сай, үй кезегінде тұрғандар саны 20 мыңнан 18 мыңға кеміген. Алдымен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қамтылды. Яғни, мүгедектер мен жалғыз басты аналар, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мемлекеттік қызметкерлер. Мұндағы 2088 пәтердің 1748-і жергілікті атқарушы органның балансында. 260 пәтер Қазақстан Ипотекалық компаниясының, 80 пәтер құрылыс жүргізген «ЭлитСтрой» серіктестігі иелігінде.  Пәтерді жалға алу құнының бір шаршы метрі 1036 теңге. Бұл соманың ай сайынғы төленетін мөлшері, шамамен, 1 бөлмелі пәтерге 48 мың теңгеге дейін, 2 бөлмелі пәтерге 59 мың теңгеге дейін. Ал үш бөлмелі пәтерді жалға алу 89 мың теңге болады.

Алтынай Әлімханова, Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бас маманы:

Соңғы қабылдау ағымдағы жылдың 29 маусымынан 5 шілдеге дейін болды. Ендігі жергілікті атқарушы органда  кезекте тұрған азаматтар үшін келесі бағдарламаларға қатысу керек. Жоспар бойынша жақын арада Алматы облысының Бесағаш ауылында орналасқан  378 пәтерге қабылдау жүргізу жоспарланып отыр.