Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Астана» арнасының тілшісі Әйгерім Құсайынова «Атамекен» ҰКП байқауының лауреаты атанды

AstanaTV
22.09.2017ж. 20:00
2359
«Астана» арнасының тілшісі Әйгерім Құсайынова «Атамекен» ҰКП байқауының лауреаты атанды

«Астана» арнасының тілшісі Әйгерім Құсайынова «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының дәстүрлі байқауында «Үздік репортаж» аталымы бойынша лауреат атанды. Әріптесіміздің Солтүстік Қазақстанда омарташылықты дамыту тақырыбындағы телевизиялық сюжеті екінші орынды еншіледі. Бейнематериал маусым айында «Избранное за неделю» бағдарламасында көрсетілген.

Жалпы «Атамекен» палатасының сыйлықтарына 16 журналист ие болды. Байқауға ұзын саны 143 материал түскен. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы БАҚ арасында мұндай конкурсты үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр.

Қанат Сахариянов  «Атамекен» ҰКП қоғаммен байланыс жөніндегі директоры:

Байқаудың басты мақсаты - журналистердің кәсіпкерлік пен бизнес-ынталарды дамыту тақырыбындағы жұмыстарына баға беру. Себебі Қазақстанның жаңа деңгейге шығуына осы бастамалардың септігі зор.