Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қостанайда мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша комиссияның отырысы өтті

AstanaTV
22.09.2017ж. 20:00
2178
Қостанайда мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының онлайн режимде құжат қабылдауы мардымсыз. Өйткені өңірлерде кең жолақты ғаламтор жоқ. Осы және өзге де мәселелер Қостанайда өткен жиында талқыға түсті. 

«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша  «Нұр Отан» партиясы жанынан  құрылған комиссия мүшелері қаладағы бірнеше мекемені аралап, қызмет көрсету барысын бақылады. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінде болып, тұрғындармен тілдесті. Құжат тапсыру кезінде қандай қиындықтар кездесетінін сұрады. Мәжілісмендер мен нұротандықтар партиялық тыңдауға қатысып, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді көтерді, оңтайлы шешу жолдарын ұсынды.

Майра Айсина, ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты,  «Нұр Отан » фракциясының мүшесі:

4 облыста ГЦВП өкілдері сол ұлттық банкте отырады. Бірақ олардың жұмыс уақыты сағат 13.00 дейін ғана. Ал, басқа мекемелеріміз мынау ЦОНымыз бар, басқалар бар, олар сағат таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Сондықтан мына ГЦВП жанында  тұрған адамдардың көңілінен бұл шықпайды.

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан » партиясының хатшысы:

Парламентте қабылданған заңдар, үкімет бекіткен  әртүрлі ережелер аймақтарда қалай жүзеге асып жатыр? Шын мәнісінде олар халыққа жетіп жатыр ма? Тиімділігі қаншалықты деңгейде жоғары? Және тиімділігін арттыру үшін, қандай шараларды қолдану керек? Міне сол мәселелерді пысықтау үшін осында келіп жатырмыз.