$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Екібастұзға бағдарламамен көшіп барған отбасылар, кері қайтпақшы

AstanaTV
16.09.2020ж. 20:00
4488
Екібастұзға бағдарламамен көшіп барған отбасылар, кері қайтпақшы

Павлодар облысына былтыр арнайы бағдарламамен көшіп келген отбасылар кері қайтпақшы. Оған себеп: сапасыз баспана мен жалақыСы аз жұмыс. Өңірде қолға алынған "Нұрлы Ертіс" бағдарламасымен былтыр 200 жанұя Екібастұз қаласына көшіп келген. Жағдай неге өзгерді? Бағдарламының шиКілігі көп пе? Сауалдарға жауапты аймақтағы әріптесім Өзгеріс Қуанар іздеп көрді.  

Ғабитжан Қайдаров Нұрсұлтаннан былтыр тамыз айында қоныс аударған. Елордада пәтер жалдап күн көрген отбасы, қуаныштарында шек болмағанын айтады. Алайда, ол ұзаққа созылмаған. Жергілікті атқамінерлер берген баспананың сапасы көңілден шықпапты. Тіпті уәде етілген жұмыста жоқ деді.

Ғабитжан ҚАЙДАРОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына жақта мәселе шешілмейтін болса, амал жоқ кетеміз. Өйткені, я жұмысы жоқ. Бұлар көбінесе айтады жұмысқа орналастырып жатырмыз - деп. Сонда орналастырып жатқаны теплица мен анау стройкасы ма? Айлықтары 50-60 мың. Өздері айтқан айлықтары қандай? 120 мың деген. орындалып жатқан жоқ оның бәрі.

Жергілікті атқамінерлер берген баспананың сапасы да көңілден шықпаған. Қабырғасы қақырап тұр. Одан қалды қанша от жақса да, үйді жылыта алмаған. Мәселені айтып, құзырлы органдарға барғанмен, нәтиже жоқ  –дейді.

Алтынай ҚЫРҚЫНБЕКОВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жерде барлық нәрсені көз алдау жасап кеткен. Бетін краскалап қоя салады. Әрі қарата өткізіп жіберген. Бұны Үкімет қабылдамау керек еді, бірінші. Үкімет қалай қабылдайды егер ол халыққа жақпаса, халықтың ақшасынан бюджетке келіп отырған мынау әр кірпіш. Сол кірпішке осыны салған құрылыстың адамдары жауап беру керек.

Ал шаһар әкімдігі болса, құрылыстың сапасыз салынғанын мойындайды. Сол үшін мердігер құрылысшыларды сотқа берген. Ал, жұмыссыз жүр деген уәжбен келіспейді. Ұсынған жұмысты жалақысы аз деп менсінбейтіндері бар деді. Баспанадағы олқылықты 10 күнде жөндеп бермекші.   

Бауыржан АХМЕТОВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл мәселелер қыркүйек айының соңына немесе қыркүйек айының соңына дейін бітіреміз деп ойлаймын. Бір жұма 10 күн әрі бері уақыт болуы мүмкін материалдарға байланысты.

Аймақта «Нұрлы Ертіс» пилоттық жобасы өткен жылы іске қосылған болатын. Екібастұзға 200 отбасы Елордадан алдыртылған.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Бірақ мәселе жақында шешілмейтін болса, бұл отбасылардың көпшілігі кері қайтуға бел буып отыр.  

Ө. Қуанар