Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматы облысындағы екі мұғалім мектеп жасындағы қызды зорлаған

AstanaTV
18.09.2020ж. 20:00
4578
Алматы облысындағы екі мұғалім мектеп жасындағы қызды зорлаған

Алматы облысының Үштөбе қаласынан шу шықты. Бір күнде екі бірдей дене шынықтыру пәні оқытушысы тұтқындалып отыр. Мұғалімдер, 16 жасар оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінген. Облыстық полиция таратқан деректерге қарағанда мұғалімдер мектеп оқушысын ғана емес колледж студентіне де зорлық көрсеткен көрінеді. Зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдіктілер қамауға алынды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеуді жүргізу процесі полиция департаменті басшылығының бақылауында.


Мұғалімдер қылмысы қаншалықты дәлелденді және аты-жөндері кім? Бұл сұрақтарды полиция жауапсыз қалдырды. "Тергеу құпиялығына байланысты, басқа ақпарат бермейміз", деді тәртіп сақшылары. Ал, күдікке ілінген мұғалімдер еңбек өтілі ұзақ болмасада жұмысына адал, білікті ұстаз ретінде танылған. Жағымсыз қылықтары да байқалмапты. Мұны Үштөбедегі аудандық білім бөлімінің басшысы айтып отыр. Ұстаздардың екеуі де отбасылы. Бұрын істі болмаған.

Қуат ОҢҒАРОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАТАЛ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Негізі 2017 жылдан істеп жүр бұлар, жас мамандар ғой. Мектептің ережесінде бәрі дұрыс. Орысша айтқанда, до этого ничего в плохого не были замешаны. Отбасылы, балалары бар, бойдақ емес.


А. Кемелжан