$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада бір күнде екі мыңнан астам ағаш отырғызылды

AstanaTV
21.09.2020ж. 20:00
2403
Елордада бір күнде екі мыңнан астам ағаш отырғызылды

Елордада бір күнде екі мыңнан астам ағаш отырғызылды. Ауқымды шара «Дүниежүзілік тазалық күніне» орайластырылған. Шаһар басшысы Алтай Көлгіновпен қатар Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және белсенді тұрғындар қатысты. Ел астанасын көгалдандыруға қала басшылығы жыл сайын көңіл бөледі. Толығырақ әріптесім Әлішер Өмірзақ жалғастырады.

Шенеуніктер мен депутаттар күнделікті ресми киімдерін, қимылдауға ыңғайлы спорттық киімге ауыстырған. Ал, қалам мен қағаздың орнына күрек ұстағандарын күнде көре бермейміз. Бұған себеп болған «Дүниежүзілік тазалық күні». Дәл осы күні олар 2 мыңнан астам ағаш отырғызды. Бірегей шараға белсенді тұрғындар да ат салысты.    

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мына бос жер қазір үлкен саябақ болды. Абаттандыру, жарықтандыру жүргіземіз. Жақсы демалыс орны пайда болды. Бүгін қала тұрғындары, белсенділермен келіп, бірге атқарған үлкен тәрбиелік мәні бар іс болды. Себебі ортақ үйімізді осылай күтіп ұстауымыз керек. Соған біз бүкіл қатысушыларға рақмет айтамыз.

Сондай-ақ, жасыл желікті сақтау мақсатында жаза да қатаңдатылмақ. Енді талдарды кескені үшін отырғызылатын көшеттердің саны екі есеге артатын болды. Демек бір ағашты кескен адам 10 көшет отырғызуы міндеттелмек. Одан бөлек әр адамда жауапкершілік болса дейді.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қоршаған ортаны қорғау тек қана мемлекеттік органдардың мақсаты емес. Өйткені барлық азаматымызды, қоғамымызды мемлекеттік органдардың күшімен біріктірген кезде ғана жұмыс нәтижелі болады. Сондықтан әрбір қазақстандық қоршаған ортаға деген жауапкершілігін сезіну керек.  

Жалпы жыл басталғалы елордада 30 мың көшет отырғызылған. Ал жасыл-желек саны 80 мыңға жуықтайды. Шаһар билігі бұл санды жыл сайын арттырып отыруды көздейді.

Ә. Өмірзақ