Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада «Союз меха» тондар көрмесі өтіп жатыр

AstanaTV
21.09.2017ж. 20:00
4535
Астанада «Союз меха» тондар көрмесі өтіп жатыр

"Қыстың қамын жазда ойла". Осындай ұстанымды басшылыққа алып ерте қамданатын Астана тұрғындары үшін жағымды жаңалық. Бұл әсіресе, қыз-келіншектерге қатысты. Елордада ресейлік «Союз меха» фабрикасының көрмесі ашылды. Мұнда Астананың сәнқой бикештері үшін керемет тондар мен ішіктердің сан алуан түрі ұсынылып отыр. Таза тері мен былғарыдан тігілген бұйымдар қолжетімді бағамен саудаға шығарылған.

Қаракүзен, бұлғын, мутон мен түлкі терісінен тігілген 3 мыңға жуық тондар. Нағыз сәнқойлар үшін бұл керемет мүмкіндік. Көрме орталығында таңдау да көп. Бастысы, талғамыңыз жоғары болса болғаны. Мұнда кез келген жан өзіне қажетті ішіктерге тиімді бағада қол жеткізе алады. Пайызсыз несиеге алу да қарастырылған. 30 пайызға дейінгі жеңілдіктер тағы бар. Осы мүмкіндікке қол жеткізгендердің бірі - Зейнетай апай келініне тамаша сыйлық жасамақшы.

Зейнетай, сатып алушы:

Мынада таңдау деген көп қой. Барлық өңі бар, түгел қарап ұнағанын аламыз. Келініме шуба қарап жүрміз. Екеуміз соған келдік, ұнаса аламыз.

Мұндағы тондардың тігісі жатық, фурнитурасы орнықты, түктері ұнамды. Ерлерге арналған тондарды да табуға болады. Ал әйелдер үшін ұзын және қысқа түрлері бар. Өнімдер негізінен Ресей мен Канадада шығарылған. 

Бағлан Арынова, сатып алушы:

Басқа дүкендерге де барып көргенмін. Бірақ онда онша емес екен. Мына "Союз мехаға" келіп осындай шубаны алдым, бұл блэйк гама деген шуба. Осыны 12 айға бөліп төлейтін етіп таңдадым.

Ендеше, өзіңізге немесе жақыныңызға бағалы сыйлық жасау мүмкіндігін сіз де жіберіп алмаңыз. Бұл көрмеден тек тондардың қарапайым үлгілері емес, түрлі түсті, табиғи және боялған түрлерін де таба аласыз. Қаржыңыз қалауыңызға сай келсе, дене бітіміңізге жарасымды 38 және 74-ші өлшем аралығындағы бұйымдар алушысын күтеді.

Назерке Сайдайова, сатушы-кеңесші:

12 айға бөліп төлеуге болады пайызсыз, осы жерде банк қызметкерлері отырады, ешқайда барудың қажеті жоқ. Жеке куәлігіңіз болса, бірден алып кетесіз. Және қолма қол ақшаға 30 пайыз жеңілдікпен алуға болады.

Көрме Астана қаласы «Тәуелсіздік сарайында», яғни Тәуелсіздік көшесі 52-ші үйде қазанның 8-не дейін, сағат 10-нан 19:00-ге дейін жұмыс істейді, келемін деушілерге есік ашық.