Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматы облысындағы праймериз кандидаттарының белсенділігі жоғары

AstanaTV
24.09.2020ж. 20:00
2348
Алматы облысындағы праймериз кандидаттарының белсенділігі жоғары

Алматы облысының мыңнан аса праймериз кандидаттары сайлауалды үгіт-насихаттарын жүргізуде. 178 топқа бөлінген үміткерлер қыркүйектің соңына дейін ашық дебатта өзара пікір таластарып,  бағдарламаларын таныстырады. Ашық дебатқа қатысушылардың әр қайсысына 5 минуттан уақыт берілген. Партияішілік бәсекеге қатысушылардың көбі құрылыс, көгалдандыру, денсаулық сақтау және табиғатты қорғау саласын таңдаған. Олардың айтуынша, аталған салалар уақыт күттірмейді. Айта кетейік, облыстағы кандидаттардың көбін жеке кәсіпкерлер құрайды.

Жанболат ЖӨРГЕНБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Әр үміткер ертеңгі күнде қандай деңгейде аудандық, қалалық болмаса облыстық мәжіліске үміткер ретінде өткен себепте қандай қызметтер жасайды, қандай ұсыныстар болады, солардың шешілуіне қандай жұмыс жасайды, деген сияқты осындай пікір таластар жүріп жатыр.

 А. Кемелжан