$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанның 18 қаласында 18 марафон акциясы жалғасып жатыр

AstanaTV
25.09.2020ж. 20:00
2109
Қазақстанның 18 қаласында 18 марафон акциясы жалғасып жатыр

Қазақстанның 18 қаласында 18 марафон акциясы бүгін елордада жалғасын тапты.
Марафоншылар осы күнге дейін елдің бес қаласын жүгіріп өткен. Мақсат - қоршаған ортаның экологиялық жағдайына қоғам назарын аударту. Қыркүйектің 20-нда Алматыда басталған марафон, қазанның 7-сіне сол қалада аяқталады деп жоспарлануда. Классикалық-олимпиадалық марафон ертең Көкшетауда жалғаспақ.

Ғалым ЧУАШЕВ, МАРАФОН ҚАТЫСУШЫСЫ:

Қазір бізбен бірге 20 шақты адам жүгіріп шығады. Оның бәрі марафон жүгірмейді, кейбіреулері 10 километр, кейбіреуі 20 километр кімнің күші жетеді солар бізбен бірге марафон өтіп шығады. Қазіргі уақытта пандемиядан құтылудың бір жолы - спортпен айналысу. Өйткені, денсаулығымыз - біздің ең басты байлығымыз.

 А. Данияр