Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Абақтыдан босаған Серік Ахметов алдағы 4 жылда ел аумағын тастап шыға алмайды

AstanaTV
21.09.2017ж. 20:00
2906
Абақтыдан босаған Серік Ахметов алдағы 4 жылда ел аумағын тастап шыға алмайды

Абақтыдан босаған Серік Ахметов алдағы 4 жылда ел аумағын тастап шет елге шыға алмайды. Сондай-ақ тұрақты мекен жайын өзгертуге де құқығы жоқ. Бұрынғы премьер-министр бүгін бостандыққа шықты. Экс-шенеунікті түзету мекемесінің алдында туыстары мен қорғаушысы, сондай-ақ, бір топ журналистер қарсы алды.

-Саламатсыз.- Спасибо, нормально.- Қалайсыз? -Рахмет! -Чем будете заниматься?-Еще не определился.-Сейчас домой поедете? -Ну,конечно. К супруге, детям, внукам поеду.
-Денсаулығыңыз қалай,аға? -Жақсы, рахмет!


Серік Ахметов журналистерге берген қысқа ғана сұқбатында, шаршағанына қарамастан, өмірге құлшыныспен қарайтынын айтты. Еске салсақ, экс премьер жемқорлық қылмысы үшін 2015 жылдың желтоқсан айында 10 жылға бас бостандығынан айрылған еді. Оған өзгенің мүлкін иемдену, кәсіпкерлікке заңсыз араласу, қызметін асыра пайдалану секілді баптармен айып тағылған. Кейінірек жазасын өтеу мерзімі екі рет кейінге шегерілді. Алғашқысында екі жылы қысқарып, жаза уақыты 8 жыл болса, екіншісінде 1 жыл 7 айға қысқарды. Серік Ахметов Қарабас кентіндегі АК 159/18 түзету мекемесінде жазасының үштен бір бөлігін өтеген соң, қалған 4 жылдан астам мерзімі бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Жазаның жеңілдеуіне оның 2,2 млрд теңге шығынды мемлекетке қайтаруы себеп болған. Шешім бүгіннен бастап күшіне енді. Заң бойынша Серік Ахметовке, жаза уақыты аяқталғанша, тұрақты мекен жайын өзгертуге болмайды.