Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Міндетті медициналық сақтандыру қорына жиналатын қаражат құнсызданбайды - Е.Біртанов

AstanaTV
21.09.2017ж. 20:00
2513
Міндетті медициналық сақтандыру қорына жиналатын қаражат құнсызданбайды - Е.Біртанов

Міндетті медициналық сақтандыру қорына шамамен 25 млрд теңге жиналуы тиіс. Оның 3 пайызы Ұлттық банкпен жасалған келісім негізінде құнды қағаздарға салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Ең алдымен жиналған қаражаттың инфляция салдарынан құнсыздануына жол бермеу - басты міндет. Екі жылда кәсіпкерлер қорға 160 млрд теңге жинайды деп жоспарланған.

Министр Алматыда кәсіп иелерімен кездесіп, қордың жоспары туралы ақпаратпен бөлісті. Бизнес субъектілері үшін әлеуметтік салық келесі жылдан бастап 11%-дан 9,5 пайызға кемиді. Екі ортадағы бір жарым пайызды жеке сектор медициналық сақтандыру жүйесіне аударады. Айта кетейік Президент Парламенттің соңғы сессиясында міндетті медициналық сақтандыруды енгізуді кейінге шегеруді ұсынған.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Медициналық сақтандыру жүйесінде 97 пайыз ақша тек қана медициналық көмекке жіберіледі. 3 пайыз инвестиция салуға мүмкіндіктері бар заңмен бекітілген, сол ақша жіберіледі.