$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістан облысында шаруалар мақтасын арзан бағаға өткізуге мәжбүр

AstanaTV
02.10.2020ж. 20:00
3044
Түркістан облысында шаруалар мақтасын арзан бағаға өткізуге мәжбүр

Түркістан облысында түсініксіз мақта бағасы диқандарды қинады. Терім науқаны басталғалы бері «ақ алтын» бағасы белгіленбеген көрінеді. Редакциямызға хабарласқан тұрғындар, шығынға ұшырап жатқандарын айтады. Себебі, мақта қабылдайтын мекемелер, мақтаны қалыпты бағадан екі есеге төмен алып жүр екен. "Бұл жылдағы жағдай", дейді шағымданған шаруалар. Ал жергілікті билік болса, "Баға науқан аяқталысымен көтеріледі", деп сендірген. Алайда, шаруалар оған нанатын емес.

Дүйсенбек ҚЫРБАСОВ, ШАРУА:

Мақтаның бәрін қабылдап алған соң ауызна келген бағаны айта салады. Шаруалар амал жоқ өткізуге мәжбүр. Пайда былай тұрсын, қарызымыздан да құтыла алмай қалайын деп тұрмыз.

Дәл қазір осы мәселеге жауапты Түркістан облысы Ауылшаруашылығы басқармасы басшыларымен хабарласып көрейік. Бізбен басқарманың бөлім басшысы Әлібек Плалов байланысқа шығып отыр екен. Қайырлы кеш, Әлібек мырза, бейнежазбаны көрдіңіз, тұрғынның сөзін естідіңіз. Мұны қалай түсінеміз? Неліктен әлі күнге нақты баға бекітілмеген?

Әлібек ПЛАЛОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Әзірге нақты баға белгіленбеген. Тек алдын-ала көмек ретінде қаражат бөлу қарастырылған. Барлық қабылдау шаралары аяқталған соң баға белгіленіп, қажетті өтемақылар өтеледі.

Иә, түсінікті. Бірақ шаруалар баға науқан аяқаталғанда қойылса, тым арзандап кететінін айтты. Пайдаға кенелмек түгілі, шығынға белшемізден батамыз деп отыр. Мұны қалай шешесіздер? Нақты қадағаланатынына кепілдік бере аласыздар ма?

Әлібек ПЛАЛОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Иә, шаруаларға көмектесу жағдайын барынша қарастырудамыз. Министрлікке де хат жолдадық. Жуық арада шешіледі деп ойлаймыз.

Сұхбатыңызға рақмет! Әлібек мырза, қалың елдің алдында берілген уәде орындалады деп сенейік. Шаруалар шығынға батпайтынынан үміттенеміз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған проблема болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, Аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ғ.Өтемісов