Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тоғыз адам қайтыс болған жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан

AstanaTV
05.10.2020ж. 20:00
2882
Тоғыз адам қайтыс болған жолда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан

Атырау облысын күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан күре жолда жол апаты болды. Жеңіл көліктер бетпе-бет соғылып, 9 адам оқиға орнында жан тапсырған. Олардың арасында ерлі-зайыптылар мен 15 жастағы балалары да бар. Полиция тергеу жұмыстарын бастады.

Жантүршігерлік жол апаты кеше тапа тал түсте болған. Мақат кентінен 22 шақырым қашықта көліктер бетпе -бет соғылған. Жолаушылардың ешбірін құтқарып қалу мүмкін болмапты.

Асұлан ӘБДІРАХМАНОВ, МАҚАТ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Екі жедел жәрдем автокөлігі барды. Бірақ барған кезде адамдар қайтыс болып кеткен. Одан кейін әрі құтқарушылар шығарып, мәйітті мәйітханаға апарады ғой. Мақат ауданында мәйітхана болмағандықтан Атырауға жібереді тікелей.

Қайғылы жағдай «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолында болған. Мұнда мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасымен күрделі жөндеу жүріп жатыр. Мамандар жол бойында ескертпе белгілері мен айналма жол болғандығын айтады. Алайда жүргізушілердің неге қауіпсіз жолды таңдамағаны белгісіз.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың жеке бастары анықталды. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру, ҚК 345 бабымен, «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

Қазір бұл іске қатысты тергеу басталған. Ішкі істер министрі мұндай толмас толмас қайғы жүргізушілердің өреске ереже бұзуынан орын алатынын айтты.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Патрульдік кезекшіліктер және бейнекамералар жоқ автожолдар мен тас жолдардарда жүргізушілер өрескел ереже бұзушылықтар жасайды. Нақтырақ айтқанда, жылдамдықты шамадан тыс арттырып, тыйым салынған және қауіпті аймақтарда алдыңғы көлікті басып озуға тырысады. Ал мұндай желігудің соңы көбіне қайғылы апатқа, орны толмас өкінішке ұрындырып жатады.

Қаза тапқан 9 адам да Атырау облысының тұрғындары. Араларында ерлі-зайыптылар мен 15 жастағы баласы бар.

Б. Надирқызы