Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Солтүстік Қазақстанда демалыс күндері 31 мас жүргізуші ұсталды

AstanaTV
05.10.2020ж. 20:00
1990
Солтүстік Қазақстанда демалыс күндері 31 мас жүргізуші ұсталды

Петропавлде көлікті мас күйінде басқаратындар көбейген. Өткен демалыста арнайы рейд кезінде ішімдік ішкен 31 көлік жүргізушісін ұстапты.

Ұсталғандардың біреуі есірткіге есеңгіреп жүрсе, қалғандары спирттік ішімдікке тойып алған. Нәтижесінде мас жүргізушілер ғана емес өзге де ереже бұзғандар анықталды. Мысалға, дені көлікті қауіпсіздік белбеуін тақпай басқаратын көрінеді. Жол ережесін бірнеше рет бұзатындар да аз емес. Тоқтатылғандардың кейбірінде көлік жүргізу куәлігі жоқ. Бір түнде барлығы 2200-ден астам құқықбұзушылық анықтапты. Мамандарды көлікке мас күйінде отыратындардың көбейгені алаңдатады. Жыл басынан бері Қызылжарда ондай 700 факті тіркеліпті.

Баян БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Құқықбұзушылар әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 608 бабы, екінші бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданған. Аталған бап бойынша 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып немесе жеті жылға көлікті басқару құқығынан айыру көзделген.


А. Құрманкин