Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түркістан облысының тұрғыны министрліктен 47 млн теңгесін сұрап жүр

AstanaTV
08.10.2020ж. 20:00
2453
Түркістан облысының тұрғыны министрліктен 47 млн теңгесін сұрап жүр

Түркістан облысының тұрғыны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен 47 млн теңге алашАғын сұрап жүр. Бірінші топ мүгедегі, өндірістен алған жарақатЫның өтеуін 2007-ші жылдан бері даулап келеді. Жарымжанның арызын тындаған, әріптесім Айзада Төребекқызы, тақырыпты жалғастырады.

45 жастағы Дастан Орынбасаровтың арбаға таңылғанына биыл 13-ші жыл. Ол Кереку аумағындағы кен орнында, өндірістік жарақат алғанын айтты. Жер астында салмағы 500 келі болатын тас үстіме құлады деп отыр. Арада талай сот болып, өндірістік мекеменің кінәсі дәлелденгенмен, өтемақы әлі өтелмеген. Ақыр соңы басы дауға қалған компания жабылып тынды. Бірақ іс мұнымен бітпеді. Биыл шілдеде қайта қаралып, өтемақыны министрлік төлеуге міндеттелген.

Дастан ОРЫНБАСАРОВ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, I – ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕК:


Жаңағы мекеме бонкрот болғаннан кейін өзі заң бойынша банкроттық ..мемлекет болады мирасқоры. Сол 2020 жылғы анықтамамен мен Еңбек министрлігіне жібердім. Еңбек министрінің замы Оспанқұлов айтты: «сіздер неге бересіз, мұны біз төлемейміз, Есіл аудандық сотына беріңіз»,-  деді.  Есіл аудандық соты арқылы төлейміз, басқа соттарды мойындамаймыз деді.

Мемлекет есебінен 47 млн теңге өтемақы өндіру туралы шешімді, арызданушы азамат Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шағарған болатын.

Ал, Нұр-Сұлтандағы Есіл аудандық соты өндіріс мүгедегін қолдай қоймапты.

Әріпбек ЖАҚЫПБЕКОВ, Д.ОРЫНБАСАРОВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

Төрт бірдей заңды күші бар соттың шешімі бола тұра, Есіл аудандық соты Дастан Уалихановичтің талабын қанағаттандырмады.

Қазір мүгедек арзымайтын жәрдемақыға жан бағып отыр. Әйелі де жұмыссыз. Мемлекет тиісті өтемақысын өтеп берсе шетелге барып емделгісі бар.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Есіл аудандық соты арбаға танылған азаматтың талабы неліктен қанағаттандырылмағына қатысты сұқбат бермеді. Ауызша айтқанына сүйенсек, үкім әлі заңды күшіне енбеген. Амалы таусылған мүгедек аппеляциялық сотқа шағым түсіріпті. Ол ел Президенттінен көмек сұрап отыр.  

А. Төребекқызы