Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырауда өркениеттен жұрдай, қараусыз қалған ауыл бар

AstanaTV
08.10.2020ж. 20:00
4138
Атырауда өркениеттен жұрдай, қараусыз қалған ауыл бар

«Бізді қалаға көшіріңдер!» Өркениеттен жұрдаймыз деген Атырау облысы Ескене кентінің тұрғындары, әкімдікке осындай талап қойып отыр. Бірақ оған құлақ асар жан табылмағанына айтып арнамызға хабарласты. Жергілікті жұрт "жарты ғасырлық тарихы бар ауылдың берекесін билік басындағылардың өздері қашырды" дейді. Станция бойындағы кентті Қазақстан Темір жолы мекемесі осыдан 7 жыл бұрын өз құзіреттілігінен шығарып, бұл маңдағы пойыздың қатынауын тоқтатқан.  Содан бастап, жолы жоқ, мектеп пен балабақшағада жарымаған ауылдан халық үдере көшіпті. Қазір 20 түтін жан бағуда.


Серік ТӘЖІҒАЛИЕВ, ЕСКЕНЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Ауылмызда азық-түлік алатын дүкен де жоқ. Мына пойыз қатынайтын мезігілде қалаға қатынасып тұратын едік.Но пойызда тоқтап қалды. Сондықтан қазір елдің бәрі үй жалдап қалада жүр. Жастардың бәрі қалада. Қатынас қиындады. Енді бізді қалаға көшірсін деген талап қойып отырмыз.


Осы мәселенің мән-жайын анықтау үшін атыраулық атқамінерлерге шықтық. Қазір бізбен тілдесуге Мақат ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Сәрсен дайын екен. Болатбек Амандықұлы, қайырлы кеш! Ескене ауылының ескерусіз қалғаны қалай? Сонда 7 жылдан бері мәселені шеше алмағаны ма?


Болатбек СӘРСЕН, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАҚАТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Негізі Ескене тұрғындарын Мақат ауданына, яғни көшіру жөнінде ұсыныс берілген болатын. Сол жердегі тұрғындардың өтініші бізді Атырау қаласына көшіру ұсыныстарын айтып жатыр. Біз өз аумағымызда, яғни шеңберінде ғана қызмет етеміз. Сондықтан олар біздің ұсынысымызды олар қабылдаған жоқ.
Жақсы. Жалпы, 20 отбасын көшіруге бола ма?  


Болатбек СӘРСЕН, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАҚАТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


20 отбасын көшіруге болады. Нақтысын, айтқанда аталған мекен-жайға қазіргі таңда облыстық  автокөлік жолдары басқармасымен бірлесіп кірме жолын салуға жобалық-сметалық құжаттарды  салып жатыр. Сонымен қатар, ол жерге сараптамаға алғаннан кейін ол жаққа келесі жылы жол салу жоспарында бар. Сонымен қатарғ су мәселесін шешіп беру демеушілердің көмегімен іске асады.


Сұхбатыңызға рақмет! Қалың елдің алдында берілген уәде орындалады деп сенейік. Біз де бұл мәселені өз бақылауымызда ұстаймыз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған проблема болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз. Аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ә. Мүтәлі