Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Шымкент тұрғынын бұрынғы күйеуі аңдып жүріп, сабап кетті

Шымкент тұрғынын бұрынғы күйеуі аңдып жүріп, сабап кетті

Күнгейде тұрмыстық зорлық-зомбылық тиылмай тұр. Шымкент тұрғынын бұрынғы күйеуі өлімші етіп сабап тастаған. Бет-аузы қан жоса болған 22 жастағы келіншек туралы мәлімет әлеуметтік желіні кешелі бері шулатып жатыр. Болған жәйттің себеп-салдарын әріптесім Айзада Төребекқызы анықтауға тырысты.    

Қорғансыз келіншектің адам шошырлық бейнесін әлеуметтік желіге  жәбірленушінің туыстары салған. Оны мұндай күйге, азаматтық некеде болған бұрынғы күйуі түсірген.

Азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі оны ұдайы ұрып келеді. Осы жолы қызымды қорлаған адам жазаланады деп үміттенемін.  

Жәбірленушінің анасы бұл жолы полициядан емес, қоғамдық қордан көмек сұрапты. Өйткені, тәртіп сақшыларына сенуден қалған. Учаскелік инспекторды келіншек бір емес 5 рет шақырған. Нәтиже болмапты.

Дина СМАИЛОВА, ҚОҒАМДЫҚ ҚОРДЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл бірінші ұрып-соғуы емес екен. Жаңа жылдың қарсаңында да үйінің жанында аңдып тұрып, көсеумен сабап қолын зақымдаған. Ауруханаға жатып шықты. Бірақ іс сотқа жетпеген. Ол жерде жалғыз учаскелік инспектор бар. Күдіктіні қорғаштайтын секілді.

Көршілерінің айтуынша, 22 жастағы келіншек досымен мұның алдында бірнеше рет ренжіскен. Бірге тұрмағандарына 2 жылға жуықтапты.

Галина МЕНЩИКОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ТАНЫСЫ:

Мен бұл отбасын жақсы танимын. Екеуі жараса алмады. Бір рет кешіріп, қосылған. Екінші рет айрылысқанында маған «онымен бірге тұру мүмкін емес» деген еді.

Жолдасын балғамен сабаған жігіт бүгін қамауға алынды. Полиция оны әуелі айықтырғышқа жеткізіпті. Тәртіп сақшылары барғанда күдікті удай мас болыпты. Қоғамдық дау туғаннан кейін бе полиция осы жолы "Азаптау" бабымен қылмыстық іс қозғады. Ал, бұрынғы арыздар тәртіп сақшыларында тіркелмеген көрінеді.

Дәулеткелді ӘБДІРАМАНОВ, ШЫМКЕНТ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Анықталып жатыр алдында жарақаттарын салғаны бойынша. Оны қазір қосымша сот сараптамалар тағайындаймыз, алған дене жарақаттары бойынша. Тексеру амалдарын жүргіземіз. Соның барысында анықталатын болады. Ол бірақ өзі полицияға алдын алған жарақаттары бойынша арызданбаған.  


Қылмысы дәлелденіп жатса жігіт 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, егер мұның алдындағы соққылар дәлелденсе ондай жаза қатайуы әбден мүмкін. "Арызды қабылдамады" деген учаскелік инспекторға қатысты да қызметтік тергеу басталмақ.

А. Төребекқызы