$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен келіншектің мәйіті табылды

AstanaTV
09.10.2020ж. 20:00
3575
Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен келіншектің мәйіті табылды

Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен келіншектің мәйіті табылды. Полиция хабарламасына қарағанда мәйіт 20 күн өткенде Мақтаарал маңындағы қамыстың арасынан табылып отыр. Жабайы аң-құстар әбден талап тастаған денені туыстары әрең таныпты. Алайда, криминалистер келіншектің адам қолынан өлгенін анықтады. Полиция сезікті ретінде жергілікті екі тұрғынды тұтқындаған. Төлем терминалдарын тонаумен айналысқан күдіктілер, келіншекке жұмысынан шыққан уақытта қарақшылық жасағанға ұқсайды. Сатушы болып жұмыс істеген марқұмды олар тұншықтырып артынан пышақтап өлтірген көрінеді.

Сұлтанбек ҮСІПБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұрын соңды сотты болған күдікті тұлғалары құрықталып, аталған қылмысқа қатыстылығы дәлелденді. Қазіргі таңда аталған күдікті тұлғаларға ҚР ҚК 99 бабы «Адам өлтіру» дерегімен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Келіншектің ажалы 300 мың теңгеден келген. Күдіктілердің қалтасына басқаны сол сома. Олар қылмыстарын толық мойындап отыр. Дәлелді айғақ заттар ретінде жәбірленуші заттары табылып отыр. Сот шешімімен күдіктілер екі айлық қамауға алынды.

А. Төребекқызы