Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атырауда алапат өрт дес берер емес

AstanaTV
12.10.2020ж. 20:00
2141
Атырауда алапат өрт дес берер емес

Атырауда алапат өрт. Жалын құшағында қалған қамыс, мамандарға дес берер емес. Тілсіз жау сенбі күні Каспий теңізі жағалауында басталған. Оқиға орнында жүрген төтенше жағдай мамандары, оны әлі өшіре алмай әлек.

Қызыл жалын екі күннің ішінде 750 гектар аумақты шарпып үлгерген. Өрт мемлекеттік қорғауға алынған «Ақ жайық» табиғи резерваты аумағынада енді. Қазір 50-ге тарта адам мен 11 техника тілсіз жаумен күресуге жұмылдырылған. Әзірге нәтиже жоқ. Дегенмен экологтар төтенше жағдайды табиғи апат деп бағалады.

Галина ЧЕРНОВА, ЭКОЛОГ:


Мұны табиғи апат деуге болады. Резерват қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменті мамандары өрт қаупі жоғары аумақтарға мониторинг жүргізіп тұру керек еді. Қамыс "Рамсар" конвенциясы тізіміне енгізілген. Қазақстан оған 1971 жылы қол қойды. Бағалы аумақ тізіміне енген қамыстың осылай күлге айналғанын халықаралық ұйымдар білсе, арты жақсы болмасы анық. Өйткені біз халықаралық конвенсия тәртібін бұзып отырмыз.

Теңіз жағалауындағы құрғақ қамыстың өртке орануы бірінші рет емес. Соңғы жылдарына жылына бірнеше мәрте кұлге айналады. Мамандар бұл жолы өрттің шығуына аң-құс атуға шыққан аңшының қатысы болуы мүмкін деді. Аңшы қашып үлгергенән жеткізді.

Рашид БІЛӘЛОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Аңшы шығып, 1955 жылғы азамат өзінің автокөлігімен,  автокөлігі өртке оранып,  салдарынан қамыс өртенгені анықталып отыр. Желдің қаттылығы қамыстың батпақты жері бізге өшіруге қиындығын туғызып тұр.


Б. Нәдірқызы