Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанайда облыстық тубдиспансер басышысы парамен ұсталды

AstanaTV
12.10.2020ж. 20:00
2256
Қостанайда облыстық тубдиспансер басышысы парамен ұсталды

Бас дәрігер - парақор. Есепші  – делдал. Ал, кәсіпкер – пара беруші. Қостанайда, пандемия кезінде осы жүйемен жұмыс істеген жемқорлар ұсталды. Келтірілген деректерге қарағанда, тубдиспансер басшысы бухгалтері арқылы кәсіпкерден 236 мың теңге көлемінде пара алған. Мұны өңірлік антикор біліп қалып, үшеуі де опық жеді. Нәтижесінде сот үкіміне сәйкес пара берген кәсіпкер 4 млн 720 мың теңге ал оны алған бас дәрігер 12 теңге айып пұл төлейтін болды. Ал, ортадағы есепші 2 360 мың теңгелік айып пұлмен құтылды. Өйткені, ол тергеу ісіне көмек көрсеткен. Тубдиспансер басшысы айыбын мойындамай отыр. Сот кезінде ол, сүттен ақ, судан таза екенін дәлелдеу үшін детектордан өтуге дайын екенін мәлімдеді.

Зәуре ЕДИКОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Сотта бас дәрігердің ұсынысымен бас есепші және ЖШС өкілі тендерде медициналық бұйымдарды және қорғау құралдарын сатып алуға көмектесуге 236 мың теңге пара беру үшін келіскендері анықталды. ҚР ҚК –нің  366, 367, 368  бабының санкциясында айыппұл жазасы қарастырылған.


Негізі прокурор бас дәрігерді 4,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда, сот пара соммасын 50 еселеп, айыппұл төлеуге үкім кесті. Тобыл өңірінде ақ халатты абзал жандардың парамен ұсталуы бірінші рет емес. Осыдан екі жыл бұрын Арқалық аймақтық диспансерінің бас дәрігері ұсталса, былтыр онкологиялық диспансер басшысы мен оның орынбасары жемқорлық фактісімен істі болған.

З. Санай