$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Көкшетаулық жедел-жәрдем қызметкерлері үстемақы ала алмай отыр

AstanaTV
12.10.2020ж. 20:00
2884
Көкшетаулық жедел-жәрдем қызметкерлері үстемақы ала алмай отыр

Сovid-19-бен күресте алғы шепте болған ақ халаттылар әлі күнге үстемақыларын ала алмай жүр.
Көкшетау іргесіндегі Красный Яр ауылының медицина қызметкерлері оны талап еткендері үшін жұмыстан қуылғандарын айтып, арнамызға шағымданды. Әріптесім Айя Мүтәлі мәселенің ақ-қарасын анықтап көрді.  

Көкшетаулық Фариза Шайсұлтанова сәуір айында ғана ауруханаға жұмысқа кірген. Вирус өршіген кезде оны еркінен тыс ауыр науқастарды емдеуге мәжбүрлегенімен қоймай, құрал-саймандарын да түгендеп бермепті. 2 ай бойы арнайы топта фельдшерлік қызмет атқарған жас маман, тиісті қаражатын талап еткені үшін жұмыстан қуылғанына айтты.  

Фариза ШАЙСҰЛТАНОВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Тек жай ғана өкпесін тыңдайтын фонедоскоп болды. Және де дене қызуын тексеретін термометр ғана болды. Басқа түк бізге берген жоқ. Костюм бізге берілмейтін. Маған жұмыстың бағытын да түсіндірген жоқ. Тек мобильная группа деді. Содан кейін ғана мен білдім коронавирустарды емдеп жүргенімді.

Жұртты емдеймін деп жүріп, Фаризаның өзі де вирус жұқтырған. Үй-ішімен төсек тартып жатып қалғанын еске түсірді. Мемлекет дәрігерге ол үшін де қосымша ақы төлеуі тиіс. Алайда, аурухана әкімшілігі алдыңғы шептегілерге тиесілі үстемақынының өзін әлі бермепті. Талап етіп талай мәрте барған, тіпті құзырлыларға шағымданған соң, көмекші медбикесімен бірге жұмыстан шығарып жібергенін жеткізді. Медбике де қазір жұмыссыз жүр.

МЕДБИКЕ:

Мені мысалы Железно Дорожныйда медсестралар требуется сол жаққа барыңыз деді. Басқа жаққа кет деген сөзі ғой. Старший медсестрамыз за август будут оплачивать, за июль  не будет оплачивать только за август деді. Хотя мы с июля месяца работали. Мобильный бригадасы былай тұрсын, бізге расчетныймызды төлемей тұр ғой. 3 күн ішінде төлеу керек қой.

Жұмыстан қуылдық деген ақ халаттылардың сөзіне сенсек, бұл - емдеу мекемесіндегі былықтың бергі жағы ғана.

Фариза ШАЙСҰЛТАНОВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Санитаркаларды да епсіз-білімсіз, тәжірибесіз болса да оларды желді-желпі үйретіп, укол салып және де внутримышечный уколдарға рұқсат беріп, жасатып отырған. +Ешқашан фабта жұмыс жасап көрмеген кісілерді, фармацевтерді орнымызға жұмысқа алып отыр.

Мән-жайды білмекке, емханаға бардық. Басшылық орнынан табылмады. Бізбен тілдесуге аумақ меңгерушісі шықты. Ол айтылған айыптаулар негізсіз деді. Ал тәжірибесіз мамандарды мұндай қызметке тағайындаудың да өз себебі болыпты. Арнайы топқа егде жастағы емес, мейлінше жас қызметкерлерді тарту қажет болды, дейді.
 
Мақпал АЙТБАЕВА, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫ «БАСТАПҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» АУМАҚ МЕҢГЕРУШІСІ:
 
Жұмыстан шығыңдар басқа деп біз ол кісілерге дөрекілік көрсеткен жоқпыз. Бізде мұндай оқиға мүлдем болған емес. Ал компенсация бойынша қазір счетте ақша жоқ. Болған жағдайда бірден беріледі. Ал қалған управление мен ФОМС-тан берілетін ақша управлениеде жатыр. Ол төленеді.


Десе де, дәрігерлерге үстемақыны тағы күтуге тура келетін сияқты. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы, аталған емдеу мекемесінен түскен 6 дәрігердің үстемақысына қатысты өтініштерді  комиссия мүшелері әлі қарап жатқанын жеткізді.  
 
Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:

Жуырда ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге берілетін үстемақыны тағайындау кезінде ауыл-аймақтағы бас дәрігерлер түрлі құйтұрқылыққа барып жатқанын айтқан еді. Сондықтан жауаптыларға қаржыны талан-таражға салмай, тез арада ақ халаттыларға үлестіріп беруді талап етті. Ал Красный Ярдағы емхананың бұл жағдайға қатысы бар- жоғы әзір белгісіз.   

А. Мүтәлі