Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда 74 жастағы қарияны көлік қағып кетті

AstanaTV
13.10.2020ж. 20:00
2330
Павлодарда 74 жастағы қарияны көлік қағып кетті

Павлодарда тапа тал түсте 74 жастағы қартты көлік қағып кетті. Жол көлік оқиғасы қазанның 12-сі түскі 3-те Мәшһүр Жүсіп және Лермонтов көшелерінің қиылысында болған. Полицияның айтуынша, зейнеткер әже жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Қария аман, бірақ хәл үстіне ауруханада жатыр. Ал, көлік жүргізуші оқиға орнынан ізін суытып үлгеріпті.  Полиция осы уақытта сол маңдағы мекемелердің бақылау камераларын зерттеп, көлік иесін іздестіріп жатыр.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:


Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көлік иесі анықталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданатын болады.

Ө. Қуанар