Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / «Birgemiz» қорынан 5 мың оралдыққа бір реттік көмек беріледі

«Birgemiz» қорынан 5 мың оралдыққа бір реттік көмек беріледі

«Nur Otan» партиясы қиын жағдайда қалған азаматтарға тағы да қол ұшын созды. Бұл жолы «Birgemiz» қорынан 5 мың оралдыққа 50 мың теңге ақшалай беріледі. Қазір уәделі қаражат көмекке мұқтаж азаматтардың есеп-шотына аударылыла бастаған. Бұл игі іс партияның сәуір айынан бері қолға алған көлемді көмегінің жалғасы болмақ. Осылайша жеті айдың ішінде 24 мың батысқазақстандыққа 1 млрд 212 миллион теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетіліп, азық-түлік таратылу жоспарланып отыр.  

Жанар ЖҰМАҒАЗИЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

5-ші кезең басталғалы тек Орал қаласының тұрғындары - мұқтаж азаматтарға көмек көрсетіледі деп шешім қабылданды. Бұл - төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Осындай күрделі кезеңде партияның облыстық филиалымен өте көп жұмыс атқарылуда. Ешкім де назардан тыс қалмайды. Барлық азаматтарға көмек көрсетіледі.

Бір реттік ақшалай көмекті алғандардың бірі - екінші топтағы мүгедек София Наурызалина. Қазір ол жолдасымен бірге үш бала өсіріп отыр. Пәтер жалдап тұратын отбасы бұл көмектің үлкен жәрдем болғанын айтты.  

София НАУРЫЗАЛИНА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

КВИ ауруы басталғалы маған «Nur Otan»-нан тамақ көмекке берілді бірінші. Екі ай бойы 5600-ден ақша берілді хозтоварыма. Кешегісінде 50 мың ақша түсті. Рақмет «NUR OTAN»-ға! Осындай көмек беріп жатқанына. 50 мың бізге ақшалай көп болып көрінді. Үйіміздегі балаларға киім алдым кешегі ақшаға. Тамағымды алдым.

Е. Карин