Елордада көпқабатты үйден өрт шықты. Жалын тұтанған пәтерді, көпбалалы отбасы жалдап тұрған. Қазір балалары ауруханада жатыр. Өрт пәтердің балконынан шыққан. Төтенше жағдай мамандарының бір болжамы - осы. Дегенмен жалынан зардап шеккен көршілері, пәтер иесін сотқа бермекші. Оқиға орнынан барып қайтқан әріптесім Ғалымжан Өтемісовтың репортажы.
Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:
Дәл қазір мен апатты жағдай орын алған Кенесары- Сарырақа көшесінің қиылысында тұрмын. Тұрғындардың айтуынша өрт таңғы сағат 9 кезінде тұтаныпты. Көршілердің сөзіне сенсек ешкім жапа шекпеген. Өрт сөндіру қызметкерлері де дер кезінде келіп үлгерген.
Куәгерлер түсіріп алған мына бейнекадрларға қарағанда өрт 7-ші қабаттан шыққан. Көршілердің айтуына қарағанда, жалынға оранған пәтерде жүкті әйел, 4 баласымен болған. Төтенше жағдай мамандары оқиға орнына жедел жетіп, тұрғындар бірден сыртқа шығарды.
БЛИЦ:
- Балаларды шығарды, үлкендерді де шығарды. Сигнализация өзі қосылды.
- Білмейміз неден болғанын, сыртқа шығарды сыртта отырмыз күтіп.
- Таңғы шайға отырғанымыз сол еді, белгісіз бір қатты дыбыс шықты. Қарасақ, өртсөндірушілер терезелдерді сындырып, жалынды сөндіріп жатыр екен. Не болғанын түсінбей де қалдық.
Иә, өрттің қалай тұтанғаны әзірге белгісіз. Төтенше жағдай қызметкерлері екі түрлі болжам жасап отыр. Тілсіз жау темекі қалдығынан немесе электр сымының тұйықталуынан болуы мүмкін деді. Қазір сараптамалық топ арнайы зерттеу жүргізуде.
Қуаныш ТОҚСАРИН, НҰР-СҰЛТАН қ. САРЫАРҚА АУДАНЫ ТЖБ БАСТЫҒЫ:
Құтқарушылар кешікпей жетті. Өртті сөндіруге 6 техника және 18 адамнан құралған арнайы құрам жұмылдырылды. 4 баланы құтқарып алдық.
Өрт шыққан 3 бөлмелі пәтерді көп балалы отбасы жалға алған. Олар әкімдіктегі үй кезегі келгенше осында тұруға келіскен. Пәтердегілер түтінге тұншыққан. Жүкті әйел мен оның балалары қалалық ауруханаға жеткізіліпті.
Амина УАНДИКОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. №2 БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
4 бала келіп түсті. Барлығы да бір отбасының мүшелері. Түскен кезде жағдайлары орташа болған. Қазіргі жағдайы жақсы. Ешқандай күйік белгілері жоқ, тек улану белгілері ғана болды.
Бұл үйдің қазіргі күйі дәл осы жағдайда. Бір қиыны, көпбалалы отбасы үйді жалдап күнелткен. Баспанасыз сабылған жанұяға оқыс оқиға екі есе салмақ салған. Ен олар жалға берген пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Алайда пәтер иесінің де басы дауға қалды. Жалын көршілерді айналып өтпепті. Енді олар үй иесін сотқа беруге бекітін отыр.
Ғ. Өтемісов