Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Құбыр бар, отын жоқ

AstanaTV
14.10.2020ж. 20:00
2205
Құбыр бар, отын жоқ

Түркістан облысының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізе алмай келеді. Айтуларынша газ құбырын 3 жыл бұрын тартып қойған. Бірақ отынды берер емес. Арнамызға шағымданған Ордабасы ауданы Ықылас темір елді-мекенінің тұрғындары мәселеге араласып, газ қашан берілетінін анықтап беруімізді өтінді. Өйткені жергілікті атқамінерлер мәселені шешуге құлықсыз деп отыр. Тындап көрейік.  


Жандос БАЙМҰРАТОВ, ЫҚЫЛАС-ТЕМІР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бәрімізге құрып берген, ақшасын төлегенбіз. Ордабасы ауданы «Айғақ» арнасынан көрсетіп жатыр: «Ықылас темірде, Теспеде газ жүріп жатыр», дегенді. Бізде газ жоқ.


Осы мәселе бойынша қазір Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімдігіне хабарласайық. Қазір бізбен байланыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арман Ысқақов бар екен. Қайырлы кеш, Арман Рысбайұлы! шағымды естідіңіз бе? Құбыр дайын екен, неге газ бермей отырсыздар?  


Арман ЫСҚАҚОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Мұндай мәселе бар екені рас. Себебі Шымкент "КазТранс-Газ Аймақ" акционерлік қоғамы Шымкент қаласының филиалында газ жетеді деген. Алайда қазір қаладағы газ жетпей тұр.


Енді қашан ауыл тұрғындары от жағудан құтылып, газдың рахатын көреді?


Арман ЫСҚАҚОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Мұның алдын алып, қазіргі таңда сметалық құжат әзірленіп жатыр. 2021 жылы газ қосылатын болады.


Сұхбатыңызға рақмет, Арман Рысбайұлы! Уәде орындалып, келесі жылы тұрғындар көмір емес, газ жағады деп сенейік. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған проблема болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.


Ә. Өмірзақ