Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

БҚО заңсыз аң аулайтындар 3 есеге өскен

AstanaTV
15.10.2020ж. 20:00
1488
БҚО заңсыз аң аулайтындар 3 есеге өскен

Батыс Қазақстан облысы тұрғынының жеке көлігінен, төрт қапшық киік мүйіздері табылды. Қазталов ауданы тұрғынына тиесілі көлік иесін полиция бірден қамауға алған. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, заңсыз тауарды тәркілеу кезінде қаны сорғалаған 632 мүйіз санап алыныпты. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 339 бабы 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тексеру барысында бұл азамат осыған дейін де заңсыз аң аулаумен шатылып, Қылмыстық Кодекстің 337 бабымен жауапқа тартылғаны белгілі болды.


Полиция дерегінше, пандемия кезінде де заңсыз аң аулағандардың қатары тиылмай тұр. Былтыр осындай 11 дерек тіркелсе, биыл қылмыс саны үш есеге өскен.

 Е. Карин







Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық