Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Атыраудағы перзентхананың экс-басшысы, тергеушілерден қайтадан жауап алуды сұрады

AstanaTV
15.10.2020ж. 20:00
2426
Атыраудағы перзентхананың экс-басшысы, тергеушілерден қайтадан жауап алуды сұрады

Атырауда шақалақты тірідей тоңазтқышқа салды деп айыпталып жатқан, перинаталдық орталықтың экс-басшысы Қуаныш Нысанбаевтан, әлі күнге бірде-бір тергеуші жауап алмаған. Бүгін ол кезекті сот отрысында осыны айтты. Қазір сотта Қылмыстық Кодекстің «Сеніп тапсырған бөтеннің қаражатын талан-таражға салу жолымен жымқыру» бабы бойынша эпизод қаралуда. Қуаныш Нысанбаев судьядан істі тергеген тергеушілер мен сарапшыларды қайтадан жауаптауды сұрады. Дәрігер өзіне тағылған кейбір айыптарды негізсіз деп отыр.    

Қуаныш НЫСАНБАЕВ, АЙЫПТАЛУШЫ:
 
Бір жыл бойына мені бір рет болсын тергемей, бір  рет болса анықтамай, сотқа беріп жібереді. Осы сияқты 99-шы тағылған айыпқа да маған бір де біреуі келген жоқ маған. Бір жыл бойына бір тергеуші маған келіп, «сізді жауаптаймын»,- деген әңгіме болған жоқ. Сонда мен 1 жыл отырдым. Менің деломды алды. Менің позициямды анықтамай сотқа жіберді. Сонда прокуратура қайда қарады?

Естеріңізге салайық, перинаталдық орталықтың 35 жастағы экс-басшысы мен оның 4 әріптесіне қатысты сот мамыр айында басталды. Олар базадағы құжатты өзгертпеу үшін тірі туған шақалақты мұздатқыш камерада қалдырды деп айыпталуда.

Б. Нәдірқызы