$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Сарапшылар алдағы сайлаудың талаптары ерекше болатынына сенімді

AstanaTV
21.10.2020ж. 20:00
2414
Сарапшылар алдағы сайлаудың талаптары ерекше болатынына сенімді

Алдағы Парламент сайлауында сайлаушылардың партияларға қояр талаптары ерекше болады. Нақтыласақ, биылғы пандемия кезінде кездескен проблемаларға басымдық берілмек.  Әлеуметтанушы Жанна Кәрімованың пайымы- осы. Сондай-ақ жастар мен әйелдерге қатысты енгізілген ережелер- бәсекелестікті тудырып, оң нәтиже беру керек,- дейді.

Жанна КӘРІМОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жастар мен әйелдер жөніндегі талап, квота заңмен қарастырылған. Егер партия өз тізімінде 100 потенциалды кандидаттың тізімін беретін болса, оның 30 пайызы әйелдер мен жастарға берілуі тиіс.

Ал саясаттанушы Қазбек Майгельдиновтің пікірінше, Парламентте оппозиция институтының құрылуы үлкен маңызға ие. Енді олар да комитет басқарып, Үкімет сағатының күн тәртібін бекіте алады.

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Қазіргі таңда Орталық Азия елдерінің Парламенттерінде оппозиция институты құрылмаған. Қазақстанда бұл алғаш рет құрылғалы отыр, алғаш рет енгізіледі. Сондықтан бұны да жаңа бағыт деп атап өтуге болады.

Ә. Өмірзақ