Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Машина жасау саласы бойынша қазақстандық үлес сақталып отыр ма?

AstanaTV
20.09.2017ж. 20:00
2693
Машина жасау саласы бойынша қазақстандық үлес сақталып отыр ма?

Машинажасау саласы бойынша қазақстандық үлесті сақтауда Үкімет тарапынан бақылау әлсіз. Елордада өткен машина жасаушылардың бесінші форумында осындай пікір айтылды. «Аlageum electric» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ильясовтың сөзінше, шетелдік компаниялардың сойылын соғып отырғандар аз емес көрінеді.

Еркебұлан Ильясов, «ALAGEUM ELECTRIC» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы: 

Монопольдық компаниялар облыстағы, аймақтардағы басқа елдің тауарларын бүгінгі күнге лобби жасап, басқа елдің тауарларын үкіметтік жобаларға лобби жасап, жобаларға соларды салып жатыр. Коррупция дейміз ғой. Сұрақ тек жемқорлықта, ақшада.

Форумда отандық нарыққа жаңадан еніп жатқан электрокөліктердің мәселесі де көтерілді. Тоқпен жүретін темір тұлпарларды қуаттандыратын орталықтар жоқтың қасы, - дейді форумға қатысушылар.