Шығыс Қазақстанда «Жас Отан» жастар қанаты белсенділерінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Шараға жастар ұйымдарының өкілдері, аймақ кәсіпорындарында еңбек етені өскелең буын мен студенттер қатысты. Жастардың төртінші республикалық съезіне қатысатын 41 делегат та осы жиында сайланды. Белсенділер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы маңызды бағыттарды, латын қарпіне көшу мәселесін талқылады. Жастар үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарын күшейтуді ұсынды. «Жастар-Отанға!» бағдарламасы төңірегінде де ой бөлісті.
«Жас Отан» жастар қанатының съезіне қатысатын қызыжарлық делегаттар тізімі де белгілі болды. Петропавлда жасотандықтардың есеп беру конференциясы барысында биыл тындырылған істер пысықталды. Теріскейдің белсенді жастары жыл басынан бері 200ге жуық іс шара өткізген. Олардың басым бөлігі спорт және мәдениет саласына тиесілі. Студенттерді жұмыспен қамту бағытында да біршама іс тындырылды.
Абылайхан Қайроллаев, «Жас Отан» жастар қанаты СҚОФ жетекшісі:
Сексенге
жуық жас делегаттар сайланған болатын. Осы делегаттардың арасынан қырық адам
СҚО атынан Астана қаласына төртінші съезге аттанатын болады. Қыркүйек айынан
бастап аудандарда және қалаларда ішкі конференциялар өтті. Сол конференцияларда
ауданнан бес делегат таңдалып, бүгінгі конференцияға сайланып отыр.