$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Пара алу жағынан Алматы облысы шенеуніктері көш басында тұр

AstanaTV
27.10.2020ж. 20:00
3915
Пара алу жағынан Алматы облысы шенеуніктері көш басында тұр

Жемқорлық - қоғам құртына айналғалы қашан?! Ресми деректерге сенсек жыл басынан бері елімізде бір мыңнан аса пара алу фактісі тіркеліпті. Бұл ұсталғандары ғана. Өкініштісі, жемқорлар көбеймесе азаймай отыр. Әсіресе пандемия кезінде. Биыл олар өткен жылғыдан 10 пайызға көп екен. Пара алу антирекордында Алматы облысы көш бастап тұр. Әлішер Өмірзақ тарқатсын.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Жемқорлықпен жалғыз мемлекет алыса алмасы анық. Бұл майданда халықтың, яки Сіз бен біздің көмегіміз қажет. Мына билборд мысалға елді пара бермеуге шақырады. Шынымен, егер ешкім пара бермесе онда жемқор қалтасын қалай қалыңдатпақ?! Бірақ қазір жағдай тіпті басқа. Қоғамда, ақшаны алатын да және оны алақанына салатын да азаймай отыр.


Ranking.kz порталы жариялаған биылғы тізім былтырғыдан үрейлі. Жемқорларды жүздеп емес мыңдап санайтын болғамыз. Биыл бір мың шенеунік парамен ұсталыпты. Қызмет бабын асыра пайдаланатындар жағынан Алматы облысы көш бастап тұр. Екінші орында Елорда. Ал, үшінші орында Батыс Қазақстан облысы.

Парақорлар хит-парадында Батыстың бой көрсетуіне оралдықтар таң қалмайды. Өйткені, пара алу факітісі елде жаңалық емес.

САУАЛНАМА:

- Өзім пара алған жоқпын да, берген жоқпын да. Білмеймін. Мен вапше қарсымын. Коррупция болмасын! Бізде көбінесе высший эшелона власти коррупция. Ал былай естіген жоқпын. Біз простой адамбыз.

- Жалпы айналадағы пара беретін адамдар менің ойымша ол адамдар елдің қамы үшін емес, өзінің қарны үшін жүрген адамдар деп есептеймін.


Пара алу антирекордында үш ақ аймақтың аталуы өзге өңірлерді ақтамайды. Атырау да бүгін бой көрсетті. Онда, облыс әкімінің бірінші орынбасары бүгін өз еркімен қызметінен кететінін айтты. Нұрлан Таубаев бір ай бұрын 182 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген. Жемқорлықпен күрес жүргізуге Nur Otan партиясы да ат салысып келеді. Пара алғандар мұнда сол күні партиядан қуылады.

Азат САҒАТОВ, "NUR OTAN" БҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОР:

Қазіргі таңда облыс бойынша тек қана бір азаматша партия мүшелігінен осындай фактілер орын алғаны үшін партия қатарынан шығарылды. Жемқорлық фактілері орын алғаннан кейін емес, оған дейінгі жұмыстар жүргізу тиімді болып жатыр. Түсіндіру жұмыстары.

Парақорлардың қолынан қағудың бірден бір жолы әрине заңды күшейтуі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл тұрғыда барынша күш салып жатыр.

Нұрбек НƏБИЕВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ СЕРІКТЕСТІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Жемқорлар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды жою, шенеуніктер үшін шетелдік шоттарға тыйым салу және лауазымды тұлғалардың жекелеген санаттары үшін санкцияларды қатаңдату осы жылдың соңына дейін заңды түрде іске асырылатын болады.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:


Бұрын шенділерге кейбір сыйлықтарды алуға рұқсат берілетін.  Бірақ шектеулер болды. Мысалға сыйлық құны белгілі бір сомадан аспауы тиіс еді. 3 апта бұрын ол өзгерді. Мемлекет Басшысы арнайы Заңға қол қойды. Енді атқамінерлер, депутаттар мен судьяларға сыйлық қыбалдуға толықтай тиым салды.

Ә. Өмірзақ, Е. Карин