Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Нұротандықтар өңірдегі бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

AstanaTV
27.10.2020ж. 20:00
1837
Нұротандықтар өңірдегі бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

Бизнес әліппесін үйрететін бағдарламалармен халық кеңінен таныс болуы тиіс. Өйткені тұрғындар мұндай мүмкіндікті біліңкіремейді. Сондықтан осындай игі бастамалар кеңінен насихатталып, көпшілік үшін қолжетімді болуы тиіс. Батыс Қазақстан облысында бизнесті дамыту жайын талқылаған нұротандықтар осындай ұсыныс білдірді. Бүгінде облыста өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Аймақта алдағы 5 жылда 177 инестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сондықтан кәсіпкерлерді жасы мен жынысына қарап бөлмей, бәріне бірдей мүмкіндік берілуі тиіс, дейді нұротандықтар. Дегенмен мұндай қамқорлықты басқа мақсатқа  пайдаланушылардың да бар екені мәлім болды.

Мұрат МҰҚАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Көптеген жерлерде кәсіпкерлер тегін я болмаса гранттарды алып, ары қарай із-түзсіз жоғалып кетіп жатқандар да бар екен. Сол себептен осындай ең өзекті деген проблемаларды ортаға салып, өзімізге нақтылап алдық. Бұл форматтағы жұмыс өзінің жалғасын табатын болады.

Е. Карин