Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қоюпов, медициналық жабдықтарды еш кедергісіз қабылдағаны үшін пара алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, бүгін аталған шенеунікке қатысты деректерді жариялады. Сондай-ақ, қылмыс үстінде ұсталған бейнетаспаны таратты. Агенттіктің дерегінше, ол жеке компаниядан 78 миллион теңгенің медициналық жабдықтарын сатып алуға шарт жасасқан. Оны қабылдап алдық деп еш кедергісіз қол қойған. Осындай көмегі үшін жалпы соманың 10 пайызын, яғни 7 миллион 800 мың теңгені қалтаға басқан деген күдік бар. Облыстың бас дәрігері қазір қамауда.
Данияр БИГАЙДАРОВ, ҚР СЖҚІҚ АГЕНТТІГІ 1-ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:
Мемлекеттік мекеменің басшысы және оның сыбайласы ҚР ҚПК 128 бабы тәртібінде ұсталып, Орал қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Е. Карин