$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Сарыағаштықтар жылыжайдан шығатын түтіннен уланды

AstanaTV
02.11.2020ж. 20:00
2249
Сарыағаштықтар жылыжайдан шығатын түтіннен уланды

Бұл - Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Қызыл Сарқырама ауылы. Арнамызға хабарласқан тұрғындар жылыжайдан шығатын қара түтіннің астында қалдық деп шағымданды. Тынысымыз тарылды деген жұрт, күн суыта салысымен жылда осы жағдайға тап болатындарын айтады. Жергілікті кәсіпкерлерден бастап, экология департаментіне де шағымданыпты. Алайда мәселені шешетін жан таппаған. Амалы таусылған халық арнамыздан көмек сұрайды.

Сәуле БАБАМҰРАТОВА, ҚЫЗЫЛ САРҚЫРАМА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Теплицалар полный түтінге булықтырып отыр, денсаулығымызға да зиян келтірді. Талабымыз тым болмаса фильтр орнатса екен, бізге залалы тимесе екен.

Дәл қазір осы мәселеге жауапты Түркістан облысы Экология департаментінің өкілдерімен байланысып көрмекпіз. Бізбен тікелей байланысқа басқарманың бөлім басшысы Мәди Қожатайұлы шығып отыр екен. Мәди мырза, қайырлы кеш! Тұрғындар мұндай жағдайға қалай тап болды?

Мәди ҚОЖАТАЙҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Өңірде теплицамен айналысатын шаруашылық өте көп. Біз былтыр оларға тексеріс жүргізіп айыппұл да салдық. Алайда, олардың жұмысын тоқтата алмаймыз. Дегенмен бақылауға алып, қоршаған ортаның ластануының алдын алуға тырысамыз. Бірақ мәселе толық шешіліп кетеді деп айту қиын. Барынша қадағалауға тырысамыз.

Айппұл салып, талаптарды орындауын тапсырған болсаңыздар ол мекемелер неліктен ережелерге бағынбай отыр? Мүмкін бақылауды қатаңдату қажет шығар? Ауаны ластайтын кәсіпорындарға бақылау қалай жүреді?

Мәди ҚОЖАТАЙҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Біз оларға газға өтуін, немесе фильтр орнатуларын өтіндік. Бірақ бұл талаптарды орындамай отыр. Тұрғындар тек сотқа жүгіну арқылы ғана мәселені шеше алуы мүмкін.

Сұхбатыңызға рақмет! Тұрғындар көкейінде жүрген сауалдарға жауап алды деген ойдаймыз.  Қызыл сарқырамалықтар қара түтіннен құтқарасыдар деп үміттенеміз.  Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған проблема болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, Аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ғ.Өтемісов