Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алматыда төрт көлікті жайпап өткен мас жүргізуші қамауға алынды

AstanaTV
09.11.2020ж. 20:00
1890
Алматыда төрт көлікті жайпап өткен мас жүргізуші қамауға алынды

Алматыда бірнеше көлікті жайпап өткен мас жүргізуші ұсталды. Рысқұлов даңғылы бойында бірнеше рет жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші туралы видеоға назар аударайық.

Жарық доңғалағымен жер сырып жүрген бұл видео әлеуметтік желілер арқылы тарады. Жол ережесін ескермеген жүргізушінің мас екені кейіннен белгілі болды. Рысқұлов даңғылы бойында ол бір емес 4 көлікті "сүзіп" өтіпті. Абырой болғанда апаттан ешкім зардап шекпеген. Бұзақы ұсталды. Полицияда тергеу амалдары жүріп жатыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қашқын ұсталды. Ол алкагольдік мас күйінде болғаны анықталды. Дереу көлік жүргізу құқығынан шығарылды. Қазіргі уақытта бұл оқиғаны Алатау аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр. Автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.


А. Лесбек