Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шымкентте көпқабатты үйде жарылыс болды

AstanaTV
09.11.2020ж. 20:00
2174
Шымкентте көпқабатты үйде жарылыс болды

Түннің ортасында газ -ауа қоспасы жарылып Шымшаһарды шошытты. Жарылыс, "Нұрсәт" ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Ресми ақпаратқа жүгінсек үйдің бірінші қабатында газ жарылып пәтердің есік-терезелері зақымданған. Шүкір. Зардап шеккендер жоқ. Пәтер ішіндегі дүние мүлік өртенді. Шұғыл жеткен өрт сөндірушілер отты дер кезінде өшіріп үлгерген. Құтқарушылар 4 азаматты қауіпсіз жерге шығарды. Олардың біреуі 1957 жылы туылған Ресей азаматы.

Наталья КЫНЫШОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Дауыс тым қатты шыққандықтан автокөліктердің дабылынан ойнап кеттік. Жарылыстың қатты болғаны сонша біздің балконның есіктері ашылып, шыны сынықтары бізге қарай ұшты. Өте қорқынышты жағдай болды. Түгеліміз сыртқа жүгіріп шықтық.

Айта кетейік, бұл үй орталықтандырылған жылу қазандығы арқылы жылытылады. Ыстық су ғана табиғи газ арқылы беріледі. Пәтерді Ресей азаматы үш жылдан бері жалдап келген. Газ-ауа қосындысының жарылу себебін мамандар анықтап жатыр.

Мадияр ЖАҚСЫБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өрт шығу себебі газ шаруашылығының алдын ала мәліметі бойынша белгісіз себептермен газдың жиналуы. Қазіргі таңда тиісті тексеру жұмыстарын жүргізеді, оны темекі шекті ма немесе азанда газ жиналған бөлмеде немесе асханасында сіріңке жаққан шығар қазіргі таңда оның себебі анықталуда.

А. Төребекқызы