Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Түркістан әкімі уәдесінде тұрмады

AstanaTV
09.11.2020ж. 20:00
2955
Түркістан әкімі уәдесінде тұрмады

Түркістан әкімі уәдесінде тұрмады. Ол тамызда халыққа: "көмір алмаңдар, биыл газ қосылады" - деп сүйіншілеген еді. Бірақ уәделі газ әлі жоқ. Бұқара қара суыққа шыдамай, көмір түсіріп от жағуға көшті. Уәде неге орындалмады? Облыс орталығы деген статусқа ие көне шаһардың тынысы қашан ашылады? Көптің көкейіндегі сауалға әріптесім айзада Төребекқызы жауап іздеді.

Түркістан тұрғыны Бейбітхан Алтаев, қымбатшылыққа ұрынып қалу себебін, қала әкімі Рашид Аюповтың сөзіне сеніп қалғанымен түсіндірді. Көне шаһарға әлдеқашан жеткен газ, биылдан қалмай беріледі деп жазда әкім сүйіншілеткен.

Рашид АЮПОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: /тамыз, 2020 ж./

Тұрғындарға айта беріңіздер, көмір алмасын. Сол 25-октябрь күні үйлеріңіздің ішіне газ кіреді!

 
Бейбітхан АЛТАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Түркістан облыс орталығы болды деп қуанғанбыз. Рахмет. Әлі бірақ газ жоқ. Уәдесінде тұрып жатқан әкім көріп жатқан жоқпын.

Әкімнің хабарламасынан соң, түркістандықтардың дені қысқа кеш қамданған. От жағып, күл шығарудан арыла қоймаған халық, кеш түссе қаланы қою қара түтін басатынын айтады. Жеке үйлер мен жылу қазандықтардың мұржасынан шыққан иіске тұншықтық дейді. Тұрғындар бұл қиындықтан биыл құтыламыз деп үміттенген. Бірақ әлдеқашан тартылған құбырға газ келер емес, дейді халық.

Тұрсынәлі ӘБДІХАЛЫҚОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Көк түтін боп тұрады. Көшеге шыға алмайсыз- көк түтін. Демалу қиын. Денсаулыққа зиынды, өкпе, жас балалар ауырады, аурудың бәрі осыдан шығып жатыр түтіннен . Көмірдің де сапасы нашар қазір.

Облыс орталығын көгілдір отынмен қамту жұмыстарының қолға алынғанына, кемі 5 жылдың айналасы болды. Бірақ өңір бар болғаны 22 пайызға ғана газбен қамтылған. Жауаптыларды жұмысты әлі аяқтамапты. Оның себебін мердігерлердің құбыр тарту жұмыстарын кеш бастағанымен түсіндірді.

Нұрлан БЕКТҰРСЫНОВ, ТҮРКІСТАН қ. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ м. а.:

Қала әкімі уәде бергеннен кейін біз оған тырыстық. 08.27.04-мен біріншіден тұрғындардан кешіріп сұрағым келеді. себеп оның алдында қала басшымыз қазан айында толық қамтылам деп айтқаннан бірақ біздің екі нысан қазір дайын емес. Екі ол –ПГБ-1 ПГБ 4 деген.

Әкімдік құбыр тарту жұмыстарын толықтай осы айдың соңында аяқтаймыз деп отыр. Соған қарағанда жаңа жылға дейін түркістандықтарға от жағудан басқа амал қалмаған.

А. Төребекқызы