Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда бір отбасынан 4 адам жұмбақ жағдайда қайтыс болды

AstanaTV
09.11.2020ж. 20:00
1993
Павлодарда бір отбасынан 4 адам жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Павлодарда бір отбасының 4 бірдей адамы жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Оқиға  тапа тал түсте болыпты.  Жұмыстан келген отағасы үйіне кіре алмапты. Жабық тұрған есікті қиратып ішке енгенде үш баласы мен келіншегінің өлі денесін тапқан. Пәтерде осы уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, 4 адам денесінен зорлық белгілері анықталмапты.

Елдар ӘБДІКЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама жасалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Ө. Қуанар