Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ұрпақтар сабақтастығын үзбейміз - «Jas Otan» еріктілері

AstanaTV
09.11.2020ж. 20:00
1832
Ұрпақтар сабақтастығын үзбейміз - «Jas Otan» еріктілері

"Ұрпақтар сабақтастығын үзбейміз". Осы ұранмен жасотандықтар жуырда аға буынмен кездесу өткізді. Мұндағы мақсат - түрлі буын өкілдерінің арасындағы диалогты қалыптастырып, өскелең ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және үлкендерге құрмет көрсету. Бұл жолы жастар партия ардагері Ольга Исаевамен кездесті.  Ардагер өзінің еңбек жолын баяндап, қазіргі жұмысына да аз-кем тоқталды. Бүгінде Орал қаласындағы 47 мың зейнеткердің 37 мыңы - ардагерлердің бастауыш ұйымдарының мүшесі екен. Ольга Исаева соғыс ардагерлеріне ұдайы көмек көрсетілетінін жеткізді. Ал мәртебесі майдангермен теңестірілген жандарға 9 мамыр қарсаңында бір реттік жәрдем беріледі екен. Дегенмен жас кезінде еңбек еткен кәсіпорындары жабылып, елеусіз қалған қариялардың бар екендігін де жасырмады.

Ольга ИСАЕВА, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


«Nur Оtan» мен «Jas Otan» аға буынды ардақтап, үлкен іс атқарып жатыр. Олар қыста зейнеткерлердің ауласын қардан тазартып көмектеседі. Бұдан бөлек мереке сайын азық-түлік әкеліп, қамқорлық көрсетіп тұрады. Мерейтой, мейрам кезінде де ат салысады. Оларға осындай қамқорлығы үшін алғыс айтамыз.

Е. Карин