Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Павлодарда белгісіз адам дүкенді төңкеріп, смартфондарды қиратты

AstanaTV
10.11.2020ж. 20:00
1548
Павлодарда белгісіз адам дүкенді төңкеріп, смартфондарды қиратты

Павлодарда белгісіз ер адам қаладағы тұрмыстық техника дүкендерінің бірінде ойран салды. Кіре сала сөреде тұрған ұялы телефондарды жұлып алып еденге ұрып, жан-жағын жайпай бастаған. Смартфондар, оны тоқтатпақ болған күзетшілер басына да ұшты. Ер адамның бұл түсініксіз әрекеті дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Видеода күзетшілердің жабылып жүріп әлгі адамда әрең тоқтатқаны көрініп тұр. Көп кешікпей полиция да келді. Кейіннен, ұсталған 28 жасар жігіттің психикалық ауруға шалдыққаны белгілі болды.

Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Жас жігіт психикалық диспансерде есепте тұрған. Оқиға болмастан 20 минут бұрын полицияға, «Ауру» ұлының үйден қашып кеткені, туралы хабар түсті. Ұсталғаннан кейін, дүкенге "жедел жәрдем" шақырылып, науқас азамат ауруханаға жеткізілді.
    
Ал, дүкенге қанша шығын келгені белгісіз. Тауарларды "науқас адамның" зақымдағаны белгілі болғаннан кейін менеджерлер полицияға арыз жазбапты. Сауда үйінің баспасөз қызметі келтірген дерекке сенсек, сынған смартфондар дүкен есебінен қалпына келтіріліпті.

Мария ОҢҒАРОВА, САУДА ҮЙІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ:

Полицияға заявление бермедік. Өзіміз қиратқан нәрселерді восстановить еттік. Шығын ешқандай келтірмеді. Жай ғана бұзып тастады.


Ө. Қуанар