Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырау-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ апатты жағдайда қонды

AstanaTV
11.11.2020ж. 20:00
2132
Атырау-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ апатты жағдайда қонды

Атырау-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ, апатты жағдайда әуежайға қайтып оралды. Көзі көрген жолаушылардың айтуынша, ұшақтың турбинасына құс кіріп кеткен. Осының салдарынан әуе кемесінен қою қара түтін шығыпты.

Түтінді көрген жолаушылар қатты абыржыған. Кейбірінің қан қысым көтеріліп, борт серіктерінен көмек сұраған. Алайда, SCAT компаниясының қызметкерлері қол ұшын беруге асықпады", дейді ұшақта болған жолаушылар.

Әлібек АЙТАНОВ, ЖОЛАУШЫ:

Түтінді терезеден көрдік. Бір кезде ұшақ қатты теңселе бастады. Қорыққан жолаушылар шу шығарды. "Аман қалсақ екен", деп сиындық. Есімізді әрең жидық.


Жанар ЖАҚСЫМАНОВА, ЖОЛАУШЫ:

Компания мұндай жағдайларға мүлдем дайын емес. "Қазір қонақ үйге жатқызамыз", деді. Бірақ ол қонақ үйді өздерің табыңдар дейді. Сонда оның ақшасын кім төлейді? Мен өз қалтамнан төлеуім керек пе? Билетті тапсырайық десек, екі жарым мың теңге комиссия төле, дейді.

Апатты жағдайға байланысты, Атырау халықаралық әуежайы тіс жармады. Ал, SCAT әуекомпаниясы болса, "Жолаушылардың қалауы бойынша билеттері басқа күндерге ауыстырдық", деп отыр. Комания өкілдерінің айтуынша, ұшаққа құстар жиі соқтығысатын көрінеді.

Виктория СТАРОЖИЛОВА, «SCAT» ӘУЕКОМПАНИЯСЫ БҰҚАРАМЕН БАЙЛАНЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Құстарға қарсы еш қандай шара қолданылмай жатыр. Біз үшін ол үлкен проблема. Ұшақ 22:05-те көкке көтерілді. 22:17-де қайта қонды. Ішінде 115 адам болды. Командир қайта оралуға шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қонды.

Б. Надирқызы