Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Jas Otan» жастар қанатының 20 жылдығына орай Таразда автокеруен өтті

AstanaTV
11.11.2020ж. 20:00
2342
«Jas Otan» жастар қанатының 20 жылдығына орай Таразда автокеруен өтті

Таразда, көк байрағымызды көтеріп 50-ге тарта автокөлік орталық көшелермен жүріп өтті.

«Jas Otan» Жастар қанатының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған автошеру, орталық көшелермен өтті. Әр көлік мемлекеттік рәміздермен безендіріліп, көк туды көтеріп жүрді. Автоколоннаға 80-ге жуық ерікті жастар тартылған. Ал, көліктер аймақтағы түрлі автоклуб мүшелері. Патриоттар колоннасы Тәуке хан даңғылындағы Керей мен Жәнібек хандар ескерткішіне аялдап, естелік суретке түсті.

Ерғали ӘБУҒАЛИ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Жастардың туға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту. Бүгінгі шарадан тек қана жастар емес, осы өңірдегі халықтың да өзі көк туымыздың желбіреп жатқанын, тәуелсіз еліміздің баянды екендігін бір көрді деп өзіміз есептейміз.


Б. Жұмабайұлы