Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Елде Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер іріктелуде

AstanaTV
12.11.2020ж. 20:00
2899
Елде Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер іріктелуде

Парламент Мәжілісінің депутаттығына елордалық кандидаттар іріктелді. "Nur Otan"партиясы елордалық филиалының кезектен тыс конференциясында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар үміткерлер анықталды.

Кезінде, праймериз бәйгесінде көп дауыс жинаған кандидаттар арасында пікір сайыс өтті. Конференцияға қатысушылар өз үміткеріне онлайн режимде дауыс берді. Мұндай шара елдің басқа аймақтарында өтті.

Көшбасшылар арасында жас кәсіпкерлер, медицина саласы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бар. Елордадан барлығы бес адам іріктелді. Енді олар Мәжіліс депутаттығына үміткер бола алады.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз көптеген жаңа тұлғалардың, жастардың, әйелдердің, кәсіпкерлердің қатысқанын көрдік. Бұл бізді қуантады. Партия ішіндегі бәсекелестік тың идеясы бар тұлғаларды анықтауға мүмкіндік берді.

Расул МЕДЕТОВ, ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСУШЫ:

Депутаттардың негізгі міндеті-халықтың мүдделерін білдіру және тиісті заң жобаларын қабылдау. Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамда депутат ретінде көтеретін мәселелерді атап өттім.


Конференция барысында Нұр-сұлтан қаласы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Дәл осындай іс-шаралар еліміздің басқа өңірлерінде де өтуде. Қызылордада бұл жиынға 17 үміткер қатысты. Дауыс беру нәтижесі бойынша олардың үшеуі ғана үміткер атанды.

Шәріп ӘБДІРАХМАНОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Праймериз арқылы, жаңа жаңалық. Осы арқылы біз жаңа бағыттағы өз пікірі бар азаматтарды таптық деп есептейміз. Осындай, жаңа қоғам, жаңат бағытта жұмыс жасайды деген сенімдеміз.


Делегаттар өз таңдауларын жасап, қатысушыларға «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде дауыс берді.

Ғ.Өтемісов