$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұротандықтар ұстаздармен бірігіп ЖОО қолжетімді болу жолдарын қарастырды

AstanaTV
12.11.2020ж. 20:00
1478
Нұротандықтар ұстаздармен бірігіп ЖОО қолжетімді болу жолдарын қарастырды

Елде жоғары оқу орындарында білім құны қымбат, ал сапасы оған сай емес. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы мүшелері мен Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті ұстаздарының басқосуында айтылды.  Білімге жауаптылар университеттердегі оқу ақысының қымбат екенін мойындайды. Оны көптеген ата-ананың қалтасы көтермейтінін айтты. Ал, партиялықтар жастардың шетел асып жатқандығы елдегі білім сапасының төмендігін көрсетеді, дейді. Жиын барысында көтерілген мәселелерді шешу үшін университет басшыларына арнайы ұсыныс жасалатын болды.

Борис ЖАПАРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Білім министрлігі сапа мәселесіне қатты көңіл бөліп, бірнеше оқу орындарының лицензиясын кері шақырып алып отыр. Ол дегенміз сапасыз білім беріп, диплом ғана үлестіретін оқу орындары елімізде болмауы керек. Себебі, сапасыз білім алған ертеңгі сапалы қызмет бере алмайтын маман болады.

А. Кемелжан