Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Орталық сайлау комиссиясының барлық отырыстары сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі

AstanaTV
13.11.2020ж. 20:00
2215
Орталық сайлау комиссиясының барлық отырыстары сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі

Орталық сайлау комиссиясының барлық отырыстары сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі.  Орталық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруі үшін қолға алынды. Айта кетейік, 2019 жылы сайлау комиссияларының құрамына 455 мүмкіндігі шектеулі азамат мүше болып сайланды. Оның ішінде 6 адам облыстық, 12 адам - қалалық және аудандық, 432 адам учаскелік сайлау комиссияларының құрамына енген еді.

Константин ПЕТРОВ, ҚР ОСК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сурдоаудармамен қамтамасыз ету тәжірибесін енгізіп отырмыз. Бұл, мүмкіндігі шектеулі жандарға еліміздегі атқарылып жатқан жұмыстар мен сайлау науқанына қатысты кеңірек мәлімет алуға ықпал етеді деп үміттенеміз.

Ә. Өмірзақ