Алматыда ақын-жазушылар жастармен кездесті. Рухани кездесуге «Jas Otan» жастар қанаты ұйытқы болды. Мақсат - жастарға дұрыс бағдар беру. Білімді жастар қай уақытта да қоғам үшін аса қажет деген жазушылар, оларды әдеби шығармалар оқуға шақырады. Тұлға болып қалыптасу үшін, кітаптың орны ерекше деді. Сондай-ақ жиын барысында жас буынның бүгінгі тыныс-тіршілігі сөз болды. Олардың көкейіндегі өзекті мәселелер талқыға түсті.
Мұратхан ШОҚАН, АҚЫН:
Жақсы кездесу өтіп жатыр жастармен. Жастарға рухани жаңғыруды дұрыс нәсихаттап және олардың рухани кемел болуына нақтылы жұмыстар жасауды әрқашан күн тәртібінен түсірмеу керек. Сондықтан осындай кездесулерді жиі ұйымдастырып тұру керек.
Ә. Лесбек